Өскеменде «Open Library: Ашық аспан астындағы кітапхана» атты іс-шара өтті

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Өскеменде Ұлттық кітап күні мен Кітапханашылар күніне орай А.С. Пушкин атындағы Шығыс Қазақстан облыстық кітапханасының алаңында «Open Library: Ашық аспан астындағы кітапхана» ауқымды мәдени-ағартушылық іс-шарасы ұйымдастырылды.

ШҚО әкімі Нұрымбет Сақтағанов қатысушылар мен қонақтарды мерекемен құттықтап, кітапхана саласының дамуындағы маңызды кезеңдерді атап өтті. Ал жазушы, публицист, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, ҚР Жазушылар одағы ШҚО филиалының өкілі Әлібек Қантарбаев өз сөзінде кітаптың адам өміріндегі рухани маңызы туралы ой бөлісті.

Салтанатты іс-шара аясында өңір басшысы кітап оқуға деген ерекше қызығушылығымен ерекшеленген «Үздік оқырмандарды» марапаттады.

Сонымен қатар жергілікті өнерпаздар концерттік бағдарлама ұсынды. А.С. Пушкин атындағы облыстық кітапхана, ШҚО Балалар-жасөспірімдер кітапханасы, өлкетану музейі және Өскемен қаласының қолөнершілері ұйымдастырған танымдық әрі интерактивті алаңдар жұмыс істеді.

Айта кетейік, биыл А.С. Пушкин атындағы кітапхананың құрылғанына 130 жыл толды.

Фото: А.С. Пушкин атындағы ШҚО кітапханасы

 

 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/akimvko/press/news/details/1210037?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version