Қостанайда ең ауқымды «QOSTANAI TECH» отбасылық ғылыми-инновациялық фестивалі өтеді

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Өтетін уақыты: 29 сәуір сағат 9.00-дан 20.00-ге дейін
Өтетін орны: «Жастар сарайы» және іргелес аумақ, Индустриялық аймақ

29 сәуірде сағат 9.00-дан бастап Қостанай қаласында жылдың ең ауқымды іс-шарасы басталады. «QOSTANAI TECH» отбасылық ғылыми-инновациялық фестивалі қостанайлық тұрғындар мен елдің барлық өңірлерінен келген қонақтарды біріктіреді. Бұл фестиваль Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жариялаған Цифрландыру және жасанды интеллект жылының басты оқиғаларының бірі болмақ.

Фестиваль бағдарламасын Қостанай облысының әкімі Құмар Ақсақалов ашады.

Қонақтар алдында TED-форматында сөз сөйлейтін фестивальдің хэдлайнерлері қатарында ірі өндірістің, ІТ-компаниялардың, қоғамдық пікір көшбасшыларының өкілдері бар. Олардың арасында «KIA QAZAQSTAN» бас директоры Де Ки Ким, Freedom Cloud компаниясының CEO-сы және ҚР Президенті жанындағы ЖИ-ді дамыту жөніндегі кеңестің жұмыс тобының кеңесшісі Темірлан Зиналабдин, Allur компаниялар тобының автокөлік өндірісі саласының басшылығы, технология және білім беру саласындағы кәсіпкер, Оксфордта білім алған алғашқы қазақстандық Ғабит Бекахметов және тағы басқалар бар.

«Жастар сарайының» күту залында қонақтарды фестиваль маскоты – Q-AI трансформеры қарсы алады және заманауи технологиялар көрмесі ұйымдастырылады.

Екінші қабаттағы интерактивті аймақта инновациялық процестер көрсетіледі: ақылды өндіріс 5.0, автономды жүйе және технологиялардың бірлескен әрекеті, қаланың цифрлы инфрақұрылымы және урбанистика, XR-оқу мен иммерсивті мамандықтар, болашақ экологиясы, логистика, цифрлы әлемдегі қауіпсіздік туралы мәселелер және тағы басқа.

Фестиваль тек технологиялар мерекесі ғана емес, сонымен бірге эксперимент алаңы болмақ. Екінші қабатта балалар мен жасөспірімдер үшін болашақ технологиялар кеңістігі ұйымдастырылады. Мұнда мини-турнирлер өткізілетін киберспорт аренасы, технополигон, конструкторлық зертхана және робототехника аймағы құрылады. Жас буын үшін VR/AI аймағы ерекше қызығушылық тудырады, мұнда симуляциялар зертханасы ауыл шаруашылығы техникасын басқарудан бастап электр көліктерін құрастыру жұмысына дейінгі нақты өндірістік процестердің ішінде болуға мүмкіндік береді.

Көше алаңында балалар мен олардың ата-аналарына шеберлердің сабақтары, химия мен физика бойынша эксперименттер мен ғылыми шоулар, сұйық азоттың мүмкіндіктері мен Тесла шоуы ұйымдастырылады.

Сондай-ақ аумақта ұйымдастырылатын көрмеде өңірдегі жетекші өндірушілердің техникасы көрсетіледі.

Автокөлік өндірісі процесін және өңірдегі ірі өнеркәсіп кәсіпорындарының жұмысын өз көздерімен көргісі келетіндер үшін күні бойы индустриялық экскурсиялар ұйымдастырылады, бұл экскурсиялар қала тұрғындары мен қонақтары үшін тұрақты болмақ.

Фестивальдің маңызды міндеттерінің бірі бұл отбасы құндылықтарын, ұрпақтар жалғастығын және еңбек пен білімге деген құрметті күшейте отырып, жаңа буынды машина жасау мен агроөнеркәсіп кешендерінің дамуының іргетасына айналып отырған бағдарламалау мен жасанды интеллект жүйесін зерделеуге шабыттандыру.

Фестиваль қонақтары үшін мазмұнды бағдарлама жоспарланған:
* Технологиялар мен ЖИ саласындағы жетекші спикерлердің сөз сөйлеуі
* Жобалар мен технологияларды көрсету
* Интерактивті алаңдар мен эксперимент аймағының жұмысы
* Өңір кәсіпорындарының көрмесі
* Әсерлі концерт бағдарламасы
* Көптеген қосымша іс-шаралар мен сыйлықтар

Әркім өз талғамына сай іс табады. Қонақтарға қолайлы болу үшін аумақта тамақтану аймағы жұмыс істейді.

Фестиваль сағат 19:00-де қазақстандық эстрада жұлдызы Bayansulu қатысатын концерттік бағдарламамен аяқталады.

Бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдерін, сондай-ақ ниет білдірушілерді 18 сәуір күні сағат 09:00-ден бастап өтетін «QOSTANAI TECH» отбасылық ғылыми-инновациялық фестиваліне шақырамыз.

Қосымша ақпарат, пікірлер мен барлық сұрақтар бойынша:
Байланысушы тұлға: Анна Лазарева
Телефон: 8 777 370 23 04

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-zhitikarin-yrsai/press/news/details/1210468?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version