ҚР Сауда және интеграция министрлігі аппараты басшысының бұйрығымен Ильясов Ғалымжан Молдабайұлы Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментінің басшысы болып тағайындалды.
Ғалымжан Молдабайұлы 1970 жылы Оңтүстік Қазақстан облысында дүниеге келген. К.И. Скрябин атындағы Мәскеу мемлекеттік ветеринарлық медицина және биотехнология академиясын «Зоотехния» мамандығы бойынша, сондай-ақ Халықаралық қазақ-түрік университетін «Мемлекеттік және жергілікті басқару» мамандығы бойынша тәмамдаған.
Әр жылдары Оңтүстік Қазақстан облысы Қазығұрт ауданының жастар ісі, туризм және спорт бөлімінде бас маманнан бастап бөлім басшысы деңгейіне дейін еңбек етті. Сонымен қатар ауылдық округ әкімі, аудан әкімі, Оңтүстік Қазақстан облысы әкімі аппаратының бас инспекторы, ауыл шаруашылығы басқармасы басшысының орынбасары, Шымкент қаласының жайлы қалалық ортаны дамыту басқармасының басшысы қызметтерін атқарған.
Осы тағайындауға дейін Астана қаласы бойынша Сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментінің басшысы қызметін атқарды.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/sko/press/news/details/1210501?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау