Сарыағаш ауданы әкімінің орынбасары, комиссия төрағасы Алдияр Қозыбаевтың төрағалығымен аудандық кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі ведомствоаралық комиссиясының кезектіотырысында 3 мәселе қаралды.
Күн тәртібіндегі мәселелер бойынша Жібек жолы ауылдық округінде кәмелетке толмағандармен және оларға қарсы жасалған құқық бұзушылықтардың, өзіне-өзі қол салу, ертежүктілік, зорлық-зомбылықтың алдын алу бойынша атқарылған жұмыстары туралы Жібек жолы ауылдық округінің әкімі А.Сейтжапбаровтың, аудандағы кәмелет жасына толмаған мүмкіндігі жектеулі баладарға әлеуметтік қолдау шаралары туралы ауданның жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы М.Құралов және аудандық полиция басқармасының ҚҚБ ЮП инспекторы Ә.Орынбайдың баяндамалары тыңдалды.
Отырыста қаралған мәселелерге орай комиссия мүшелері мен отырысқа қатысушылардың ұсыныс-пікірлері талқыланды. Сонымен қатар, комиссия төрағасы тарапынан кәмелет жасына толмаған, мүмкіндігі шектеулі балаларға ерекше назар аудару қажеттігі айтылды. Атап айтқанда, олардың әлеуметтік бейімделуін қолдау, жан-жақты дамуына жағдай жасау, сондай-ақ мүмкіндіктеріне қарай мәдени, спорттық және тәрбиелік іс-шараларға белсенді қатыстыру бағытында тиісті тапсырмалар жүктелді. Бұл жұмыстардың жүйелі әрі сапалы жүзеге асырылуын қамтамасыз ету жауаптысала басшыларына жүктелді.
Сарыағаш ауданы әкімінің баспасөз қызметі
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-saryagash/press/news/details/1210885?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау