САРЫАҒАШ: ЖАС СПОРТШЫЛАРДЫҢ ЖЕҢІСІ ДӘРІПТЕЛДІ

Жарияланды:

Автор:

категорияда
 
Сарыағаш ауданының әкімі Арман Абдуллаев Өзбекстан Республикасының Ташкент қаласында өткен «Jeet Kune Do жекпе-жек өнерінен Азия чемпионатында» жүлделі орындарға ие болған жас спортшыларды қабылдап, оларды салтанатты түрде құттықтады.
Қабылдау барысында аудан басшысы спорттың жас ұрпақты тәрбиелеудегі айрықша рөліне тоқталып, әрбір жетістіктің артында табанды еңбек пен жоғары жауапкершілік жатқанын атап өтті.
– Спорт – салауатты өмір салтының негізі әрі ел абыройын асқақтататын маңызды сала. Осындай ірі халықаралық жарыстарда топ жарып, ел намысын қорғау – үлкен мәртебе. Сіздер бұл сенімді ақтап, ауданымыздың ғана емес, тұтас еліміздің беделін көтеріп отырсыздар. Бұл – үлкен мақтаныш. Алдағы уақытта да биік белестерді бағындыра берулеріңізге тілектеспін, – деді Арман Абдуллаев.
Іс-шара барысында жеңімпаз спортшылар мен олардың жаттықтырушыларына алғыс хаттар табысталып, демеушілік көрсеткен кәсіпкердің қолдауымен қаржылай сыйлықтар берілді. Спортшылардың жаттықтырушысы Карамат Мамедов көрсетілген қолдау үшін аудан әкімдігіне ризашылығын білдіріп, шәкірттерінің алдағы уақытта да жоғары жетістіктерге жетуге күш салатынын жеткізді.
Айта кетсек, 2026 жылғы 24–26 сәуір аралығында Ташкент қаласында өткен Азия чемпионатына Сарыағаш ауданынан 22 жас спортшы қатысып, жоғары нәтиже көрсетті. Нәтижесінде 5 спортшы І орын, 7 спортшы ІІ орын және 10 спортшы ІІІ орын иеленді. Жеңімпаз атанған жас спортшылар «Альфа» спорт клубында жүйелі түрде жаттығып келеді.
Сарыағаш ауданы әкімінің баспасөз қызметі

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-saryagash/press/news/details/1210884?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version