ШҚО-да су тасқынының екінші толқыны басталуда

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Шығыс Қазақстанда су тасқынының бірінші кезеңі аяқталды, ал сәуір айының үшінші онкүндігінен мамыр айының екінші онкүндігінің соңына дейін өңірде екінші кезең өтеді.

Екінші толқын аласа таулар мен орта таулардың оңтүстік беткейлерінде қардың еруі және жаңбыр түріндегі жауын-шашынның салдарынан қалыптасады деп болжануда. Қазіргі таңда облыс аумағының 19%-ында қар жамылғысы сақталған.

«Мүдделі мемлекеттік органдармен өзара іс-қимыл шеңберінде барлық су тасқыны қаупі бар учаске мен гидротехникалық құрылыс бақылауға алынды. Су тасқынына қарсы іс-шаралардың орындалуы тексерілді. Өңірде каналдар, арықтар, су өткізу құрылыстары мен көпірлерді ауқымды тазалау жұмыстары жүргізілді. Нәтижесінде 226 шақырым канал, 504 шақырым арық тазартылып, 4778 су өткізу құрылысы мен 409 көпір ретке келтірілді. Сонымен қатар 430 мың текше метрден астам қар шығарылды, – деді ШҚО ТЖД бастығының орынбасары Амангелді Енсегенов.

Облыс бойынша су тасқыны қаупі бар 71 елдімекен тіркелген. Онда шамамен 3,5 мың тұрғын үй орналасқан және 8,6 мыңға жуық адам тұрады. Жүргізілген алдын алу шараларының нәтижесінде 16 елдімекенде су басу қаупі толық жойылды, 50 елдімекенде тәуекел деңгейі төмендетілді, ал 5 елдімекенде қауіп сақталуда. Аталған ауылдар Глубокое ауданы мен Алтай ауданының аумақтарында орналасқан, барлығы 813 тұрғыны бар 329 үй бар.

Қазір облыстағы гидрологиялық жағдай тұрақты. Өзендердегі су деңгейі қауіпті шектен төмен, су тасқыны фактілері тіркелген жоқ. Дегенмен жағдай тәулік бойы бақылауда. Мониторинг барысында мамандар таулы аудандардағы қар қорын және жалпы ахуалды тұрақты түрде бағалап отыр.

Қабылданған алдын алу шаралары тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз етіп, су тасқыны кезеңінің тұрақты өтуіне мүмкіндік береді.

Дереккөз: ШҚО ТЖД

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/akimvko/press/news/details/1210180?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version