Жітіқара ауданында мемлекет бюджетіне қайтарылған қаражат есебінен медициналық көмек көрсету жағдайлары жақсартылды  

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Заңсыз шығарылған активтерді қайтару және оларды тиімді пайдалану жөніндегі мемлекеттік саясатты іске асыру аясында Жітіқара аудандық ауруханасына өтетін өткелі бар емхана ғимаратын қайта жаңарту жұмыстары аяқталды.

Осы жобаны іске асыруға 972 миллион теңге бағытталды, қаржы толықтай Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы мемлекет бюджетіне қайтарған қаражат есебінен бөлінді.

Қайтарылған активтерді әлеуметтік инфрақұрылымды дамытуға бағыттау — олардың қоғам игілігі үшін тиімді пайдаланылып отырғанының айқын көрінісі.

Жүргізілген қайта жаңарту нәтижесінде медициналық мекеменің материалдық-техникалық базасы едәуір жаңартылып, медициналық көмек көрсету жағдайлары жақсартылды, сондай-ақ пациенттер мен медицина қызметкерлері үшін заманауи әрі қауіпсіз жағдайлар жасалды.

Жобаны іске асыру Жітіқара ауданы тұрғындары үшін медициналық қызметтердің сапасы мен қолжетімділігін арттыруға мүмкіндік береді.

Емхананы іске қосу нысанды аудандық аурухананың балансына беру және оны ресми түрде пайдалануға енгізу бойынша барлық қажетті рәсімдер аяқталғаннан кейін жоспарланып отыр.

Қостанай облысының прокуратурасы

 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/prokuratura-kostanay/press/news/details/1210181?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version