Шығыс Қазақстан облысында құтқарушылар жылыту маусымының қорытындысын шығарды

Жарияланды:

Автор:

категорияда

 

Шығыс Қазақстан облысының аумағында жылыту маусымы аяқталды. Аталмыш кезеңде тұрғын үй секторында 341 өрт тіркелді, бұл өткен жылмен салыстырғанда 2,2%-ға аз (349). Өрт салдарынан 22 адам қаза тауып, тағы 22 адам жарақат алды.

Өткен брифингте БАҚ өкілдеріне ШҚО ТЖД Мемлекеттік өрт бақылау басқармасының мамандары өрттердің негізгі себебі ретінде қарапайым өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтамауды атады. Өрттердің 70%-ы тұрғындардың өз кінәсінен болады, оның ішінде: 140 жағдай – пештерді пайдалану кезінде жіберілген бұзушылықтар, ал 82 жағдай – электр құралдарын қолдану ережелерін бұзу.

Тұрғын үй секторы азаматтық қорғау органдарының тікелей бақылауында болмаса да, департамент қызметкерлері өрттердің алдын алып, адамдардың өмірін сақтау үшін кең көлемді профилактикалық жұмыстар жүргізуде.

Ағымдағы жылыту маусымы барысында 92 мыңнан астам үйді аралау жүргізіліп, тұрғындармен 330 кездесу ұйымдастырылды, 12 мыңнан астам адам профилактикалық шаралармен және қауіпсіздік нұсқаулықтарымен қамтылды.

Сонымен қатар бақылауда пешпен жылытылатын 2 763 үй бар, онда әлеуметтік осал санаттағы азаматтар тұрады. Қарау барысында 700-ден астам бұзушылық анықталды, олардың қатарында пештер мен электр желілерін дұрыс пайдаланбау фактілері бар. Оларды жою жұмыстары жалғасуда, пеш жабдықтары мен электр сымдары жөнделуде. Әлеуметтік осал отбасыларда 680 көміртегі тотығын анықтайтын датчик орнатылып, олардың арқасында 2 адамның өмірі сақталды. Соңғы 6 жылда облыс бойынша барлығы 17 мың датчик орнатылып, 45 адам, оның ішінде 31 бала құтқарылды.

Өрттер санының өзгеруіне қарамастан, ТЖД қызметкерлері профилактикалық жұмыстарды жүйелі түрде әрі кең ауқымда жүргізіп келеді. Дегенмен, қауіпсіздіктің басты факторы – азаматтардың жеке жауапкершілігі. Департамент бұл бағыттағы жұмысын жалғастырады, жағдай тұрақты бақылауда.

Жазғы кезеңде ТЖ қызметінің мамандары азаматтарға пештерді қысқа дайындап, өртке және көміртегі тотығымен улануға әкелуі мүмкін бұзушылықтарды жоюды ұсынады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/emer-vko/press/news/details/1210277?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version