Таразда түнгі рейдтер күшейтілді: полицейлер өрескел заң бұзған кафелерді жабуда

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Таразда түнгі рейдтер күшейтілді: полицейлер өрескел заң бұзған кафелерді жабуда

Жамбыл облысында балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында кафе-барларға бақылау күшейтілді.

Рейд барысында полиция қызметкерлерімен Тараздағы «Лорд» кафесінде түнгі уақытта жасөспірімдердің жүруінің жолы кесілді. Ойын-сауық мекемесі осындай құқық бұзушылықты қаңтар айынан бері қатарынан үш рет жасаған. Оған жол бергені үшін кәмелетке толмағандардың ата-аналары мен түнгі уақытта кіргізгені үшін мекеме иесі әкімшілік жауапкершілікке тартылған.

Соған қарамастан, кәсіпкер тарапынан осындай заң бұзушылықтар екі және одан да көп рет қайталанып, өрескел құқық бұзушылыққа жол бергені үшін кафе қызметі бір ай мерзімге уақытша тоқтатылды.

Жыл басынан бері түнгі уақытта үйден тыс және ойын-сауық орындарында жүрген жасөспірімдердің 3148 дерегі анықталып, жолы кесілді.

Олардың түнгі уақытта болуына жол бергені үшін ата-аналарынан бөлек, 115 нысанның иесі жауапқа тартылды.

Сондай-ақ жасөспірімдерден 22 тыйым салынған зат (пышақ, кастет, электрошокер) тәркіленіп, осы арқылы зиян келтіру қаупі жойылды.

Бұған дейін осындай бұзушылықтары үшін «Сан ремо» кафесінің жұмысы бір айға тоқтатылған болатын.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-zhambyl/press/news/details/1210278?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version