2026 жылғы 23 сәуірде Астана қаласы әкімдігінің Әдеп жөніндегі уәкілі Ғ.Амантай және Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Әдеп жөніндегі уәкілі Г.Н. Үсенованың қатысуымен Астана қаласының тұрғын үй және тұрғын үй инспекциясы басқармасында семинар өткізді.

Жарияланды:

Автор:

категорияда

2026 жылғы 23 сәуірде Астана қаласы әкімдігінің Әдеп жөніндегі уәкілі Ғ.Амантай және Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Әдеп жөніндегі уәкілі Г.Н. Үсенованың қатысуымен Астана қаласының тұрғын үй және тұрғын үй инспекциясы басқармасында семинар өткізді.

Семинар барысында ҚР мемлекеттік қызмет, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы заңнамасын және Әдеп кодексін сақтау мәселелері түсіндірілді, мемлекеттік қызметшілер жалпыға бірдей қабылданған іскерлік стиліне сай болуы, қызметтен тыс уақытта жалпыға бірдей қабылданған моральдық-әдеп нормаларын ұстану, ұжымда іскерлік және жанашыр өзара қарым-қатынас орнату, құмар ойындарға әуестігі мен ойын-сауық мекемелеріне бармау, әріптестеріне өзінің діни нанымдарын таңбауға, қол астындағы қызметшілерді қоғамдық және діни бірлестіктердің, басқа да коммерциялық емес ұйымдардың қызметіне қатысуға мәжбүрлемеуге тиіс және кәсіпкерлік қызметпен айналысуға шектеу (педагогтік, ғылыми және өзге де шығармашылық қызметтен басқа) мәселелері айтылды.

Сондай-ақ, мемлекеттік қызметшілердің қоғамдық орындарда алкогольдік, есірткі немесе уытқұмарлық масаң күйде болуын, көлік құралын алкогольдік, есірткі немесе уытқұмарлық масаң күйде басқаруды және мемлекеттік органдарда әйелдерге қатысты кемсітушіліктен және жыныстық қудалауды болдырмау туралы айтылды. Семинар соңында мемлекеттік қызметшілер тарапынан қойылған сұрақтарға жауап берілді

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/astana-uzh/press/news/details/1211799?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version