Бүгін «Бірлік» заңды тұлғалар одағы» ЗТБ базасында департамент басшысы Н.Р. Шерьязданов, басшының орынбасары Г.Б. Искакова, сондай-ақ бөлім басшыларының қатысуымен және облыс әкімінің мүгедектігі бар адамдар мәселелері жөніндегі кеңесшісі В.Л. Шиманский , мүгедектігі бар адамдар мәселелері жөніндегі өңірлер әкімдерінің кеңесшілерімен онлайн форматта кездесу өткізілді.

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Кездесу барысында келесі мәселелер бойынша түсіндірмелер берілді:
-әлеуметтік қызметтер порталы арқылы іске асырылатын оңалту техникалық құралдарының кепілдендірілген құнын айқындау тәртібіне енгізілген өзгерістер;
-оңалту техникалық құралдарын тегін негізде жалға беру тетігін енгізу;
-инватаксидің қолжетімділігі, қызмет көрсету бағыттары және өтінім беру тетігі;
-медициналық-әлеуметтік сараптама жүргізу тәртібі, сондай-ақ мүгедектікті белгілеу рәсімі;
-зейнетақы және әлеуметтік төлемдерді тағайындау тәртібі, ең төменгі жеткіліктілік шегін арттырудың негіздемесі.
Кездесу диалог форматында өтті.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/enbek-akmola/press/news/details/1211800?lang=kk

Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version