Алматы облысында білім беру ұйымдарының қауіпсіздігі күшейтілуде

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Алматы облысында білім беру ұйымдарының қауіпсіздігін арттыруға бағытталған кешенді жұмыстар жалғасуда.

– 24 сәуірде Іле ауданы Байкент ауылындағы №10 мектепте «Білім беру ұйымдарындағы қауіпсіздік мәселелері» тақырыбында кеңейтілген жиналыс өтті. Оған білім беру саласының өкілдері, мектеп директорлары және жеке күзет ұйымдарының басшылары қатысты – деді Алматы облысы ПД бастығының орынбасары Даурен Құтпанов.

Жиында жүргізілген тексерулер нәтижесінде анықталған кемшіліктер талқыланды. Атап айтқанда, 447 мектептің тек 84-інде ғана күзет ұйымдарымен келісімшарт бар екені және олардың қысқа мерзімге жасалғаны белгілі болды. Сондай-ақ дабыл жүйелерін ұйымдастырудағы олқылықтар атап өтілді.

Білім басқармасының мәліметінше, 2026 жылға қауіпсіздікті күшейтуге 241,3 млн теңге бөлінген. Бұл қаражатқа 198 мектеп, 56 балабақша және 6 колледж күзет қызметімен қамтылады.

Қазіргі таңда барлық білім беру ұйымдары дабыл түймелерімен жабдықталған. Сонымен қатар бейнебақылауды жаңғыртуға, турникеттерді жөндеуге және нысандарды Жедел басқару орталықтарына қосуға қаржы қарастырылған.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-alm/press/news/details/1211568?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version