Көксу ауданында «Жақсылық жасап жарысайық!» атты қайырымдылық акциясы өтті. 2026 жылдың 27 сәуірінде Халықаралық волонтерлер жылына орай Көксу ауданы Жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен қайырымдылық іс-шарасы ұйымдастырылды.
Акция шеңбері бойынша Еңбекші ауылдық округі, Зылиха Тамшыбай ауылының тұрғыны, әлеуметтік көмекке мұқтаж жалғызбасты қартқа материалдық және моральдық қолдау көрсетілді. Атап айтқанда, қажетті азық-түлік өнімдері жеткізілді. Шараның негізгі міндеті — өскелең ұрпақтың бойында адамгершілік құндылықтарды қалыптастыру және әлеуметтік жауапкершілікті арттыру болып табылады.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-koksu-enbekshi/press/news/details/1211566?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау