Қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы пәндер бойынша республикалық олимпиаданың қорытынды кезеңінде жоғары нәтиже көрсеткені үшін Досмұханбетов Рамазанға «Үздік ауыл мектебінің оқушысы-2026» атағы берілді.
Рамазан – Байғанин ауданы, №2 Қарауылкелді орта мектебінің 10-сынып оқушысы.
Ол Ауыл мектептерінің оқушыларына арналған III республикалық олимпиадада І орын иеленіп, республикалық кезеңге жолдама алған болатын.
Рамазанның жетістіктері:
2024-2025 оқу жылы облыстық кезең (құқық негіздері) «Алтын медаль»
2025-2026 оқу жылы ауыл балаларына арналған республикалық олимпиада (құқық негіздері) «Алтын медаль»
2025-2026 оқу жылы «Алтын түлек» математикалық олимпиадасы, республикалық кезең III орынРеспубликалық олимпиада (құқық негіздері) – III дәрежелі диплом, қола медальРамазанды зор жетістігімен құттықтаймыз! Жаңа белестер мен жарқын жеңістер тілейміз!
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe-bilim/press/news/details/1211741?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау