Облысымыздың туристік әлеуеті жоғары нысандарының бірі – Шипалы көлінің жағалауында «Таза жағалау» экологиялық акциясы ұйымдастырылды.
Ауқымды шара «Таза Қазақстан» жалпыұлттық бағдарламасы аясында өтіп, «Бесқарағай ауданының інжу-маржанын сақтайық» ұранымен жүзеге асты.
Акцияға 200-ге жуық адам қатысып, қатарында жастар ұйымдарының өкілдері, жергілікті атқарушы орган қызметкерлері, ауылдық округтердің тұрғындары мен еріктілер белсенді атсалысты.
Іс-шара барысында көл жағалауы тазартылып, 20 тоннаға жуық тұрмыстық қалдық шығарылды.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/abay-zhastar-basqarmasy/press/news/details/1211529?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау