Жыланды ауылдық округі әкімінің аппаратында ауыл тұрғындарының қатысуымен маңызды мәселелер бойынша жиналыс өткізілді.
Жиын барысында ауыл шаруашылығына қатысты өзекті тақырыптар кеңінен талқыланды. Атап айтқанда, сиыр табынын ұйымдастыру және тиімді жайылым мәселелері көтеріліп, малды ортақ тәртіппен бағу жолдары қарастырылды. Сонымен қатар, ауыл аумағындағы арықтарды тазалау жұмыстарының маңыздылығы айтылып, су өткізу жүйелерін ретке келтіру бойынша нақты тапсырмалар берілді.
Бұдан бөлек, тұрғындардың аула бақшаларын жырту, жерді тиімді пайдалану және көктемгі дала жұмыстарына дайындық мәселелері де назардан тыс қалмады.
Жиын қорытындысы бойынша жауапты тұлғаларға тиісті міндеттер жүктеліп, аталған жұмыстарды уақытылы әрі сапалы орындау қажеттігі атап өтілді.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-alakol-zhylandy/press/news/details/1211528?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау