Есіл және Жарқайың аудандарына жұмыс сапары

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Шолпан Рахматуллина Есіл контррегуляторын (Бұзылық су қоймасын) салу жобасын іске асыру аясында Есіл және Жарқайың аудандарына жұмыс сапарымен барды.

Халықпен кездесулер барысында ықтимал су басу аймақтарынан тұрғындарды көшіру мәселелері қаралды (Двуречное, Ушкарасу ауылдары, сондай-ақ Отрадное, Пятигорское және Тасөткел ауылдарының бір бөлігі). Түскен барлық өтініштер бойынша тиісті түсіндірмелер берілді.

Сонымен қатар, Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің нормативтік құқықтық актілеріне енгізілген өзгерістер бойынша, мүгедектігі бар адамдарға әлеуметтік қызметтер порталы арқылы тауарлар мен қызметтердің, сондай-ақ инватакси қызметтерінің құнын өтеу тәртібіне қатысты ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola-social/press/news/details/1210913?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version