Теміртауда индустриалдық университет түлектері мен студенттері «Ұрпақтар аллеясын» құрды

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Қарағанды индустриалдық университетінің аумағында «Ұрпақтар аллеясы» пайда болды. 

Экологиялық акция 1976 жылғы түлектердің 50 жылдығына орай ұйымдастырылып, «Таза Қазақстан» ұлттық жобасын қолдауға арналды.

Бұл күні университет студенттер мен түлектерді бір алаңға тоғыстырды. Олардың көпшілігі әлі күнге дейін Теміртауда тұрып, еңбек етіп жүр және әлі де түлеп ұшқан оқу ордасымен байланысын үзбеген. Тіпті шетелге кеткен түлектер де өзара қарым-қатынасты сақтап, ортақ бастамаларға атсалысуда.

Аллея құру идеясы металлургия саласының ардагері әрі Qarmet компаниясының өкілі Әлішер Жақыпбековке тиесілі. Оның бастамасы мен кәсіпорынның қолдауының арқасында 16 қарағай мен 10 қайың көшеті егілді. Бұған қоса, ол өз қаражатына шетен ағашын сатып алып, жеке өзі екті.

Университет ректоры Бақыт Жәутіков бұл акцияның ерекшелігіне тоқталып, оған студенттер мен түлектердің бірге қатысуы айрықша мән бергенін атап өтті. Оның айтуынша, бұл тек ағаш егу ғана емес, оқу орнының рухани ортасын қалыптастыруға қосылған үлес әрі оның тарихына деген құрметтің көрінісі.

«Ұрпақтар аллеясы» өткен мен бүгіннің сабақтастығын білдіретін символға айналып, бір түп ағаштың өзі үлкен болашақтың бір бөлігіне айналатынын еске салады.

Қарағанды индустриалдық университетінің баспасөз қызметінің мәліметінше

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda/press/news/details/1210932?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version