Аудан экономикасын дамыту және бюджет мәселелері жөніндегі тұрақты комиссияның отырысы өтті

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Ағымдағы жылдың 28 сәуірінде Э.Б.Алмаганбетованың төрайымдылығымен аудан экономикасын дамыту және бюджет мәселелері жөніндегі тұрақты комиссияның отырысы өтті.
2025 жылғы аудан, ауыл және ауылдық округ бюджеттерінің атқарылу барысы туралы мәселелер қаралды (4-деңгей).
Отырыс жұмысына аудандық мәслихат төрағасы Н. С. Болатов, депутаттар, қаржы, сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімдерінің басшылары, Троебратское, Бауман ауылдарының әкімдері және аудандық мәслихат аппаратының қызметкерлері қатысты.
Күн тәртібіндегі негізгі мәселелер бойынша қаржы бөлімі мен сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімдерінің басшылары, ауыл әкімдерінің есептері тыңдалып, қаралды. Баяндамашылар өз сөздерінде 2025 жылға арналған бюджеттің кіріс және шығыс бөліктерінің орындалуы және есепті кезеңге арналған бюджет қаражатының бос қалдығының болуы туралы толық ақпаратты ұсынды. Депутаттардың көптеген сұрақтарына жан-жақты түсініктемелер беріліп, бюджеттік бағдарламалар әкімшілеріне ұсынымдар әзірленді.
Комиссияның бірлескен отырысының қорытындысы бойынша қаралған мәселелер аудандық мәслихаттың кезекті сессиясын бекітуге енгізілді.

 

 

 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/maslihat-uzunkol/press/news/details/1212560?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version