АУДАНДА ӘЛЕУМЕТТІК ЖӘНЕ ИНФРАҚҰРЫЛЫМДЫҚ НЫСАНДАР ҚҰРЫЛЫСЫ БАҚЫЛАУҒА АЛЫНДЫ

Жарияланды:

Автор:

категорияда

🔹Аудан әкімі Азат Оралбаев ауданға қарасты бірқатар елді мекендердегі әлеуметтік және инфрақұрылымдық нысандардың құрылыс барысымен танысты.
🔹Алдымен Қараспан ауыл округіндегі балалардың жазғы сауықтыру аймағында атқарылған жұмыстар қаралды. Нысан күрделі жөндеуден өтіп, іске қосу жоспарланған. Аудан басшысы дайындық барысын тексеріп, жұмыстарды сапалы әрі белгіленген мерзімде аяқтауды тапсырды.
🔹Одан кейін Шұбар ауыл округіндегі спорт кешенінің құрылысы қаралды. Құрылыс сапасы мен қарқыны бойынша ескертулер жасалып, бақылауды күшейту қажеттігі айтылды.
🔹Бөржар ауыл округіне қарасты Ұялыжар ауылында Бөржар мен Теспе көлдері арасындағы аумақты механикалық тазалау жұмыстарының барысы тексерілді. Санитарлық талаптарды сақтау және жұмыстарды жеделдету бойынша нақты тапсырмалар берілді.
🔹Сапар соңында Бадам ауылындағы мәдениет үйінің құрылысы қаралды. Нысанның әлеуметтік маңызы атап өтіліп, құрылыс сапасына ерекше көңіл бөлу тапсырылды.
🔹Аудан әкімі барлық нысандардың жұмысы тұрақты бақылауда екенін және жоспарланған мерзімде сапалы аяқталуы тиіс екенін жеткізді.
Ордабасы ауданы әкімінің баспасөз қызметі

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-ordabin-audany/press/news/details/1211855?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version