Алматы қаласында қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге, криминогендік ахуалды тұрақтандыруға және құқықтық тәртіп деңгейін арттыруға бағытталған «Құқықтық тәртіп» республикалық жедел-профилактикалық іс-шарасы бастау алды.
Аталған іс-шара аясында қоғамдық тәртіпті сақтауға жұмылдырылған барлық бөлімшелердің қатысуымен бірыңғай саптық қарау өткізілді.
«Басты міндет – қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, құқық бұзушылықтардың алдын алу және жолдардағы тәртіпті күшейту. Әрбір қызметкер кәсіби деңгейде, заң талаптарын қатаң сақтай отырып және азаматтарға құрметпен қарау қағидатын басшылыққа ала отырып қызмет атқаруы тиіс. “Заң және тәртіп” қағидаты ұран күйінде ғана емес, күнделікті қызметіміздің ажырамас бөлігіне айналуы қажет», – деп атап өтті Алматы қаласы Полиция департаменті Әкімшілік полиция басқармасының бастығы Әбдінұр Тасыбаев.
Іс-шара өткізу кезеңінде полиция қызметкерлері күшейтілген режимде қызмет атқарады. Қоғамдық орындардағы құқық бұзушылықтардың алдын алуға, көшедегі қылмыстың жолын кесуге, сондай-ақ жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз етуге ерекше назар аударылады.
Полиция қала тұрғындары мен қонақтарын заң талаптарын сақтауға және қоғамдық тәртіпті нығайтуға бірлесіп атсалысуға шақырады.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-almaty/press/news/details/1211856?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау