ДКК төрағаларымен кеңес

Жарияланды:

Автор:

категорияда

2026 жылғы 28 сәуірде Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі А.М. Ертаевтың хаттамалық тапсырмасын орындау мақсатында ҚР Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитетінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаменті басшысының орынбасары Е. Сүгірова «№1 қалалық емхана» ШЖҚ КМК, «Фтизиопульмонология орталығы» ШЖҚ КМК, «№2 қалалық емхана» ШЖҚ КМК, «Денсаулық» ЖКеММ дәрігерлік- консультациялық комиссияларының төрағаларымен кеңес өткізді.

Кеңес барысында тұлғаларды медициналық-әлеуметтік сараптамаға жолдаудың негізділігі, 031/е нысанындағы «Медициналық-әлеуметтік сараптамаға қорытынды» құжатын толтыру сапасы, сондай-ақ Солтүстік Қазақстан облысы бойынша ерекше тетік арқылы мүгедектікті белгілеу пилоттық жобасын іске асыру мәселелері қаралды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/enbek-sko/press/news/details/1212208?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version