KIOSH алаңында Департамент басшысы өнеркәсіптік өңірлердегі тәуекелдерді бағалау жүйесін жетілдірудің өзекті бағыттарын атап өтті

Жарияланды:

Автор:

категорияда

2026 жылдың 28–30 сәуір аралығында Қазақстанда 14-ші Қазақстандық халықаралық еңбекті қорғау және өнеркәсіптік қауіпсіздік жөніндегі KIOSH конференциясы өтті.

KIOSH конференциясы — еліміздегі мемлекеттік органдардың, бизнес өкілдерінің және кәсіби қауымдастықтың басын қосып, өзекті мәселелерді талқылауға, тәжірибе алмасуға және еңбекті қорғау мен өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы заманауи шешімдерді таныстыруға арналған бірегей мамандандырылған алаң.

KIOSH 2026 конференциясының негізгі мақсаттарының қатарында — қызметкерлердің өмірі мен денсаулығын сақтау, өндірістік жарақаттану мен жазатайым оқиғалардың деңгейін төмендету, қауіпті өндірістік нысандардағы апаттар қаупін азайту, сондай-ақ қоршаған ортаға келетін зиянды барынша қысқарту бар. Сонымен қатар еңбек өнімділігін арттыруға, корпоративтік әлеуметтік жауапкершілікті дамытуға және мемлекет пен бизнес арасындағы G2B және B2B форматтарындағы өзара іс-қимылды нығайтуға ерекше назар аударылды.

Конференция еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз ету саласындағы халықаралық тәжірибені зерделеу және білім алмасу алаңы ретінде де маңызды рөл атқарды.

Іс-шара аясында Департамент басшысы Медеу Аринович Ахметов конференция жұмысына қатысып, «Өнеркәсіптік өңірлерде тәуекелдерді бағалаудың жаңа тәсілдерінің тиімділігі» тақырыбында баяндама жасап, осы саладағы өзекті тәсілдер мен практикалық шешімдерді ұсынды.

Мұндай іс-шараларды өткізу қауіпсіздік мәдениетін дамытуға, озық тәжірибелерді енгізуге және еңбекті қорғау мен өнеркәсіптік қауіпсіздік бағытындағы жүйелі жұмысты нығайтуға ықпал етеді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda-enbek/press/news/details/1212209?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version