Өңірімізде білім алушылардың білім жетістіктеріне мониторинг басталды

Жарияланды:

Автор:

категорияда
30 сәуір күні еліміздің барлық өңірлерінде білім алушылардың білім жетістіктеріне мониторинг (ББЖМ) басталды. Оған 4 және 9-сынып оқушылары қатысуда.
Батыс Қазақстан облысында тестілеу бүгін Тасқала және Қаратөбе аудандарының 6 мектебінде басталды. Жалпы мониторинг 20 мамырға дейін жалғасып, облыстың 93 мектебін қамтиды.
ББЖМ оқу бағдарламаларын меңгеру деңгейі мен білім алушылардың функционалдық сауаттылығын бағалауға бағытталған. Оның нәтижелері қорытынды бағаға әсер етпейді, алайда білім сапасын арттыру мақсатында пайдаланылады.
Мониторинг қорытындысы бойынша талдау жүргізіліп, әр өңірге арналған ұсынымдар әзірленеді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/control-zko/press/news/details/1212680?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version