Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрі Ерлан Нысанбаев бекітілген жұмыс кестесіне сәйкес азаматтарды жеке қабылдады.
Қабылдау барысында экологиялық заңнама талаптарын сақтау, табиғи ресурстарды ұтымды пайдалану, сондай-ақ қоршаған ортаны қорғау саласындағы өзекті мәселелерге қатысты өтініштер қаралды.
Азаматтар өңірлердегі экологиялық жағдай, табиғи ресурстарды бақылау және экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселелері бойынша ұсыныстарын және өзекті сұрақтарын жеткізді.
Әрбір өтініш бойынша министр тиісті түсіндірмелер беріп, көтерілген мәселелерді жан-жақты қарастыру және қолданыстағы заңнама аясында қажетті шаралар қабылдау үшін жауапты құрылымдық бөлімшелерге нақты тапсырмалар жүктеді.
Мемлекеттік органдар басшылығының азаматтарды жеке қабылдауы тұрақты түрде өткізіліп және бақылауда болады.
Бұл тәжірибе халықпен ашық диалог орнатуға, өтініштерді қарау тиімділігін арттыруға және азаматтардың өзекті мәселелерін жедел шешуге бағытталған.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ecogeo/press/news/details/1212679?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау