🔹 «Заң мен тәртіп» идеологиясын іске асыру аясында 2026 жылдың 29 сәуірінде Қостанай ауданында Әділет департаментінің басшысы Алия Аманжулованың аудан әкімі Олжас Нургалиевпен, аудандық мәслихат депутаттарымен, заң қоғамдастығының өкілдерімен, кәсіпкерлермен және аудан активімен бірлескен кездесуі өтті.
🔹 Кездесу барысында Департамент басшысы Әділет органдарының қызметі және атқарылған жұмыстың негізгі нәтижелері туралы ақпарат ұсынды. Атқарушылық іс жүргізу, мемлекет кепілдік берген заң көмегін көрсету, азаматтық хал актілерін тіркеу, сондай-ақ зияткерлік меншік объектілері саласындағы көрсеткіштер жария етілді. Халыққа құқықтық қызмет көрсету сапасын арттыру, құқықтық көмектің ашықтығы мен қолжетімділігін қамтамасыз ету, сондай-ақ белгіленген салада заңнаманың сақталуын бақылауды күшейту жөніндегі жұмыстар атап өтілді.
🔹 Баяндамада елде жүргізіліп жатқан конституциялық реформалар мен заңнамадағы өзгерістерге ерекше назар аударылды. Жаңа Конституция құқық үстемдігі қағидатын нығайтуға, Парламент пен мәслихаттардың рөлін арттыруға, сондай-ақ азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау тетіктерін күшейтуге бағытталғаны атап өтілді.
🔹 Әділет жүйесін цифрландыруға ерекше мән берілді. Кездесу қатысушыларына роботтандырылған сот орындаушысының мүмкіндіктері, «Әділет» чат-боты, «Атқарушылық іс жүргізу тараптарының кабинеті» сервисі, электрондық сенімхаттарды енгізу, сондай-ақ құқық кабинеттерінің қызметі мен олардың халыққа құқықтық көмектің қолжетімділігін арттырудағы рөлі түсіндірілді.
🔹 Жұмыс сапары аясында жаңа ауданға, оның ішінде «Астана» шағын ауданына бару жүзеге асырылып, ондағы инфрақұрылымның дамуы және халықтың тұрмыс жағдайымен танысты.
🔹 Сонымен қатар, жеке мәселелер бойынша азаматтарды қабылдау өтті. Аудан тұрғындары сот актілерін орындау, берешекті өндіру, мұраны рәсімдеу, құқықтарды тіркеу, сондай-ақ қолданыстағы заңнама нормаларын түсіндіру мәселелері бойынша жүгінді. Барлық өтініштер бойынша білікті консультациялар мен тиісті түсіндірмелер берілді.
Қостанай облысы
Әділет департаментінің
Баспасөз қызметі
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/adilet-kst/press/news/details/1212312?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау