ШҚО ТЖД: Азаматтық қорғау саласында заңнамалық жаңашылдықтар енгізілді

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифинг барысында ШҚО Төтенше жағдайлар департаментінің мамандары азаматтық қорғау, өрт және өнеркәсіптік қауіпсіздік салаларындағы заңнамалық жаңашылдықтар туралы баяндады.

Ведомство өкілдерінің мәліметінше, 2026 жылдың ақпан айынан бастап ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің аумақтық органдарына жаңа функция жүктелді. Енді олар объектілердің өрт қауіпсіздігі талаптарына сәйкестігі туралы қорытынды береді. Бұл талап ҚР «Азаматтық қорғау туралы» Заңының 66-2-бабында бекітілген.

Аталған норма бойынша адамдар жаппай жиналатын нысандар мен биіктігі 28 метрден асатын ғимараттарды пайдалануға беру алдында тапсырыс беруші міндетті түрде өрт қауіпсіздігі талаптарына сәйкестік туралы қорытынды алуы тиіс. Құжат «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Заңға сәйкес рәсімделеді.

Мемлекеттік қызмет толықтай электронды форматта көрсетіледі. Өтінімдер «электрондық үкімет» веб-порталы және «Е-лицензиялау» мемлекеттік деректер базасы арқылы қабылданады. Қорытынды беру мерзімі – 15 жұмыс күні.

Қызметті алу үшін өтініш беруші электронды өтінішпен қатар жобалық-сметалық құжаттаманың көшірмесін, сараптаманың оң қорытындысын, құрылыс материалдары мен конструкциялардың өрт қауіпсіздігі көрсеткіштерін растайтын құжаттарды ұсынуы қажет.

Брифингте азаматтық қорғаныс жүйесіндегі өзгерістерге де ерекше назар аударылды. Мамандардың сөзінше, жаңашылдықтар жүйенің тиімділігін арттыруға, жергілікті атқарушы органдардың жауапкершілігін күшейтуге және төтенше жағдайларға дайындық деңгейін жақсартуға бағытталған. Сонымен қатар қорғаныс құрылыстары мен адамдар көп жиналатын нысандарға қойылатын талаптар да күшейтілген.

Өнеркәсіптік қауіпсіздік саласына да бірқатар өзгеріс енгізілді. Атап айтқанда, мемлекеттік бақылау күшейтіліп, тәуекелге бағдарланған тәсіл енгізілуде. Мониторинг процестері цифрландырылып, кәсіпорындардың жауапкершілігі арттырылуда. Бұл шаралар апаттардың алдын алу және тәуекелдерді азайтуға бағытталған.

Мамандардың пікірінше, қабылданған өзгерістер ұзақ мерзімді перспективада қауіпсіздік деңгейін арттырып, төтенше жағдайлар санын азайтуға мүмкіндік береді.

Дереккөз: ШҚО ТЖД

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/akimvko/press/news/details/1212057?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version