«Заң мен тәртіп»: Астанада ерекше бейнероликтер байқауы өтті

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Астанада «Заң мен тәртіп» қағидаты мен «Жас үміт» жобасын іске асыру аясында мектеп оқушылары арасында есірткі қылмыстарының, құқық бұзушылықтардың алдын алуға және жастардың құқықтық мәдениетін қалыптастыруға бағытталған бейнероликтер байқауы өтті, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Іс-шара Алматы ауданы прокуратурасының үйлестіруімен, «Алматы» ауданы әкімінің аппараты, «Алматы» ауданы Полиция басқармасының және Астана қаласы Білім басқармасының қатысуымен өтті.

Оған ауданның барлық мектебі қатысып, көптеген оқушы қамтылды. Байқау жұмысы заңдылықты сақтау, салауатты өмір салтын қалыптастыру және жастардың құқықтық мәдениетін арттыру мәселелеріне арналды.

Қорытындысы бойынша 3 жүлделі орын мен 4 арнайы номинация жеңімпаздары анықталды.

Аталған іс-шара кәмелетке толмағандар арасында құқықтық тәртіпті нығайтуға, құқықтық сананы қалыптастыруға және профилактикалық жұмысты күшейтуге бағытталған маңызды құрал болды.

#законипорядок #заңментәртіп

 

 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/astana/press/news/details/1212056?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version