1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күніне орай ұйымдастырылған «Бірлігіміз жарасқан – Тәуелсіз ел Қазақстан» атты мерекелік іс-шара жоғары деңгейде өтті.
Үшарал қаласындағы Д.Қонаев атындағы орталық алаңда өткен мерекелік шараға аудан тұрғындары мен қонақтары көптеп жиналып, бірлік пен татулықтың жарқын көрінісіне куә болды.
Шара барысында аудан әкімі А. Абдинов тұрғындарды мерекемен құттықтап, ел бірлігінің маңыздылығына тоқталды. Сонымен қатар мерекелік бағдарлама аясында отандық фильм көрсетіліп, этномәдени орталықтардың көрмесі ұйымдастырылды, мерекелік сауда-саттық жүргізілді.
Аудан өнерпаздарының қатысуымен «Бірлік – береке бастауы» атты концерттік бағдарлама ұсынылып, көрермендерге ерекше көңіл-күй сыйлады. Сондай-ақ, спорттық шаралар мен «Бірлік марафоны» өткізілді.
Мерекенің көркін қыздырған сәттердің бірі – «Saiko stars» би тобының жарқын өнері болды.
Аталған іс-шара аудан тұрғындарына көтеріңкі көңіл-күй сыйлап, бірлік пен ынтымақтың маңызын тағы бір мәрте айқындады.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-alakol/press/news/details/1212988?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау