Алматыда «Цифрлық трансформация жағдайындағы архив ісі мәселелері» тақырыбында халықаралық ғылыми-практикалық конференция өтті.
Іс-шараға Қазақстан, Польша, Ресей, Қытай, Малайзия, Әзербайжан, Өзбекстан және Қырғызстаннан келген архив саласының мамандары, сондай-ақ оқытушылар, докторанттар мен магистранттар қатысты.
Конференция барысында архив ісін цифрландыру, заманауи ақпараттық технологияларды енгізу және жасанды интеллект мүмкіндіктерін пайдалану мәселелері талқыланды.
Сонымен қатар цифрландыру жағдайында кадр даярлау, тарихи мұраны сақтау және деректердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету бағыттары да қарастырылды.
ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mam/press/news/details/1213002?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау