Өскеменде «Достық толқынында-2026» облыстық студенттер фестивалі өтті. Қазақстан халқының бірлігі күніне арналған фестиваль облыс орталығындағы Республика алаңында ұйымдастырылды.
Фестивальде Д. Серікбаев атындағы ШҚТУ Жоғары колледжінің, С. Аманжолов атындағы ШҚУ Жоғары колледжінің, Өскемен жоғары политехникалық колледжінің, Өскемен медициналық-стоматологиялық колледжінің, Өскемен жоғары медициналық колледжінің студенттері және Ұлан ауданы балалар музыка мектебінің тәрбиеленушілері өнер көрсетті.
Сонымен қатар Қазақстан-Американдық еркін университетінің, Д. Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университетінің және С. Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университетінің студенттері қатысты.
Іс-шара соңында облыс әкімі Нұрымбет Сақтағанов фестивальдің үздік қатысушыларын марапаттады.
Мерекелік кеш орталық субұрқақтың іске қосылуымен қорытындыланды.
(Материалдарды пайдалану кезінде ШҚО әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасау міндетті).
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/akimvko/press/news/details/1213064?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау