⚜️ Құрметті аудан тұрғындары мен қонақтары!!
⚜️ Сіздерді 1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күнімен шын жүректен құттықтаймын!
Бұл күн – бейбітшілік пен келісімді, достық пен татулықты дәріптейтін, көп этнос өкілдері бар еліміздің ең маңызды мерекелерінің бірі. Еліміз– бірлік пен ынтымақтың, өзара түсіністік пен құрметтің жарқын үлгісін көрсетіп келе жатқан мемлекет.
Бүгінде мемлекетіміз әлемге бейбітсүйгіш, достықты ту еткен ел ретінде танылып отыр. Бұл жетістікке халықтар достығы мен ел ішіндегі татулық арқылы қол жеткіздік.
Сондай-ақ, биыл еліміздегі бірлік пен ынтымаққа сүбелі үлес қосып отырған Қазақстан халқы Ассамблеясының құрылғанына да 30 жыл толып отыр.
Осы жылдар аясында Ассамблея этносаралық және конфессияаралық татулықтың символына айналып, елімізде тұрақтылық пен бірліктің сақталуына, ұлттық саясаттың үйлесімді жүзеге асуына қызмет етті. Бұл – барша халықтың ортақ еңбегі, өзара түсіністігі мен мызғымас достығының жемісі деп білемін.
Құрметті Ордабасылықтар!
Бірлік – ел болудың, тұрақтылық – дамудың кілті. Осы баға жетпес құндылықтарды көздің қарашығындай сақтап, болашақ ұрпаққа аманаттау – баршамыздың ортақ міндетіміз.
Бірлік мерекесі тағы да құтты болсын!
Әр отбасыға амандық, шаңырақтарыңызға шаттық тілеймін!
Еліміз гүлдене берсін!
Бірлігіміз бекем, болашағымыз жарқын болсын!
Ізгі тілекпен,
АЗАТ Оралбаев
Ордабасы аудан әкімі
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-ordabin-audany/press/news/details/1213051?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау