ҰСТАЗДАР СЫНҒА ТҮСКЕН ТАРТЫСТЫ ДОДА

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Қажымұқан Мұңайтпасұлының 155 жылдығына орай ұстаздар арасында қазақ күресінен «ҰСТАЗ БАРЫСЫ – 2026» облыстық жарысы өткізілді.

Дәстүрлі түрде төртінші рет ұйымдастырылған дода Темірлан спорт кешенінде өтіп, оған облыстың 17 ауданынан 120-ға жуық ұстаз спортшы қатысты. Қатысушылар 8 салмақ дәрежесі бойынша өзара бақ сынап, шеберліктерін көрсетті.
Жарыстың ашылу рәсімінде Ордабасы ауданының әкімі Азат Оралбаев пен Түркістан облысы білім басқармасының басшысы Ғалымжан Орынов құттықтау сөз сөйлеп, турнирдің маңыздылығына тоқталды. Сонымен қатар, аудандық мәслихат төрағасы Бақдәулет Жұмабеков, ардагер спортшылар және «Қазақстан барысы» турнирінің 2023 жылғы күміс жүлдегері Жұманазар Ерсұлтанов қатысушыларға сәттілік тіледі.

Тартысты өткен бәсеке қорытындысы бойынша ордабасылық ұстаздар жүлделі орындарға ие болды. Атап айтқанда, 82 келі салмақ дәрежесінде Амангелді атындағы жалпы орта мектептің дене шынықтыру пәнінің мұғалімі Ибрагим Қаратай І орынды жеңіп алды. Ал 66 келіде Қ. Бектаев атындағы мектептің мұғалімі Оспанов Еламан мен 90 келіде Ш. Уәлиханов атындағы гимназияның мұғалімі Тоқташ Сүлеймен ІІІ орынға тұрақтады.

Жалпы, «ҰСТАЗ БАРЫСЫ» турнирі – ұстаздар арасында салауатты өмір салтын қалыптастырып, ұлттық спортты ұлықтауға бағытталған маңызды бастамалардың бірі.

Жүлдегер ұстаздарды құттықтаймыз! Алар асуларыңыз көп болып, әрдайым жеңіс тұғырынан көріне беріңіздер!
Ордабасы ауданы әкімінің баспасөз қызметі

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-ordabin-audany/press/news/details/1213050?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version