2026 жылғы 28–30 сәуір аралығында Астана қаласында еңбекті қорғау және өнеркәсіптік қауіпсіздік мәселелері бойынша 14-ші Қазақстандық халықаралық KIOSH 2026 конференциясы мен көрмесі өтті.
Конференция бағдарламасы аясында 2026 жылғы 28 сәуірде «Өнеркәсіптік медицина: жаңа реттеуші талаптар және енгізу тәжірибелері» тақырыбында панельдік сессия өткізілді.
Панельдік сессия жұмысына Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитетінің Медициналық-әлеуметтік сараптама басқармасының басшысы Ф. Халикова қатысты.
Сессия барысында Ф. Халикова «Өнеркәсіптік медицина контекстінде медициналық-әлеуметтік сараптама жүйесінде қызметкерлердің кәсіби еңбекке қабілеттілігін жоғалту дәрежесін белгілеудің өзекті мәселелері» тақырыбында баяндама ұсынды.
Баяндамада қызметкерлердің кәсіби еңбекке қабілеттілігін жоғалту дәрежесін белгілеу тәсілдерін жетілдірудің өзекті мәселелері қарастырылып, сондай-ақ өнеркәсіптік медицина қағидаттарын медициналық-әлеуметтік сараптама жүйесінің қызметіне енгізу бағыттары айқындалды.
Конференцияға қатысу еңбекті қорғау саласының дамуындағы өзекті үрдістерді талқылауға, отандық және шетелдік сарапшылармен тәжірибе алмасуға, сондай-ақ медициналық-әлеуметтік сараптама жүйесін одан әрі жетілдіру бойынша ұсыныстар әзірлеуге мүмкіндік берді.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/lspm/press/news/details/1213148?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау