2026 жылдан бастап акциз мөлшерлемелерінің өзгеруі туралы
Қазақстан Республикасының жаңа Салық кодексінде акциздерді реттеу бөлігінде маңызды өзгерістер көзделген. Аталған шаралар бюджет кірістерін арттыруға, салық жүйесінің әділдігін қамтамасыз етуге және акцизделетін тауарлар айналымын бақылауды күшейтуге бағытталған.
2026 жылғы 1 қаңтардан бастап акциз мөлшерлемелері 10%-ға арттырылды.
Алкоголь өнімдері:
80% және одан жоғары этил спирті — 600 ₸/л;
80%-дан төмен этил спирті — 2 550 ₸/л (100% спиртке шаққанда);
алкоголь өнімдері (шарап, шарап материалдары, сырадан басқа) — 2 805 ₸/л;
шарап — 38 ₸/л;
шарап материалдары — 187 ₸/л;
сыра және сыра сусындары — 99 ₸/л, ≤0,5% — 0 ₸/л.
Темекі өнімдері:
темекі:
• 2026 жыл — 18 051 ₸/1000 дана;
• 2027 жыл — 21 163 ₸/1000 дана;
• 2028 жыл — 21 880 ₸/1000 дана;
• 2029 жыл — 23 279 ₸/1000 дана;
• 2030 жылдан бастап — 25 607 ₸/1000 дана;
кальян және түтік темекісі:
• 2026 жыл — 15 863 ₸/кг, 2030 жылға дейін 22 791 ₸/кг дейін өседі;
қыздырылатын темекі өнімдері:
• 2026 жыл — 11 230 ₸/1000 дана, 2030 жылдан бастап 12 803 ₸/1000 дана.
Мұнай өнімдері және жанармай:
Көтерме сауда:
бензин — 38 134 ₸/т;
дизель — 35 726 ₸/т;
газохол, нефрас, экологиялық отын — 38 134 ₸/т.
Бөлшек сауда:
бензин — 500 ₸/т;
дизель — 60 ₸/т;
газохол, бензанол, нефрас және басқа — 500 ₸/т.
Энергетикалық сусындар (жаңа):
2026 жыл — 100 ₸/л;
2027 жыл — 140 ₸/л;
2028 жыл — 180 ₸/л;
2029 жыл — 200 ₸/л;
2030 жылдан бастап — 240 ₸/л.
Бұл шара жастар арасында тұтынуды азайтуға және бюджет кірісін арттыруға бағытталған.
Сән-салтанат салығы:
18 000 АЕК-тен жоғары автокөліктер — 10%;
24 000 АЕК-тен жоғары кемелер — 10%;
24 000 АЕК-тен жоғары әуе кемелері — 10%.
Аталған нормалар салық салудың әділдік қағидатын іске асыруға бағытталған.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 24 қыркүйектегі №1011 қаулысына сәйкес лицензиялау және рұқсат беру жүйесі саласындағы мемлекеттік саясатты қалыптастыру Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің құзыретіне жатады.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-kostanay/press/news/details/1213829?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау