«Ынтымақ – достық кепілі»

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Бүгінгі іс-шарамыз әртүрлі ұлт өкілдерінің басын қосқан ерекше күн болды. Қазақ, орыс, татар халықтарының мәдениеті, дәстүрі мен тілі тоғысқан бұл кеш – шынайы достық пен өзара құрметтің жарқын көрінісі 
Бір шаңырақ астында жиналып, бір-біріміздің салт-дәстүрімізбен танысып, ән айтып, би билеп, жүректен шыққан жылы лебіздермен бөлістік. Осындай сәттер бізге ұлтқа бөлінбей, бірліктің маңызын терең түсінуге мүмкіндік береді.
Тілі бөлек болғанымен, тілегі бір, жүрегі бір жандардың бас қосуы – еліміздегі татулық пен тұрақтылықтың айғағы. Қазақ, орыс, татар – бәріміз де бір қоғамның ажырамас бөлшегіміз. Бізді біріктіретін – сыйластық, достық және ортақ болашақ 
«Бірлік бар жерде – тірлік бар» демекші, ынтымағымыз нығайып, достығымыз мәңгі жасай берсін! 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-alakol-lepsi/press/news/details/1213828?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version