27 сәуірде Ә.Ысмайылов атындағы балалар көркемсурет мектебінің базасында «Бояулар құпиясы» облыстық жас суретшілер байқауының қалалық кезеңі «Қазақстан бояулары: Менің шаңырағым – Қазақстан Республикасы» және «Тірі ғаламшар» номинациялары бойынша өткізілді.
Байқаудың мақсаты: білім алушылардың көркемдік, шығармашылық қабілеттерін дамыту, олардың кәсіби бағдарлануын ынталандыру.
Байқауға қаланың жалпы орта және қосымша білім беру ұйымдарының 10-13, 14-17 жас аралығындағы білім алушылары қатысып, нәтижесі бойынша келесі орындарға ие болды:
10-13 жас аралағы:
1 орын: Панченко София (Ә.Ысмайылов атындағы балалар көркемсурет мектебі), Ерболова Ясмин (Ә.Ысмайылов атындағы балалар көркемсурет мектебі);
3 орын: Неверова Мирослава (№7 ЖББМ), Барковская Дарина (№7 ЖББМ)
14-17 жас аралығы:
1 орын: Жусупова Айша (Ә.Ысмайылов атындағы балалар көркемсурет мектебі), Башанова Наргиз (Ә.Бөкейханов атындағы мектеп-лицейі)
2 орын: Летяга Карина (Ә.Ысмайылов атындағы балалар көркемсурет мектебі), Сураева Евгения (Ә.Ысмайылов атындағы балалар көркемсурет мектебі).
Байқау туралы ережеге сәйкес, қалалық кезеңде 1-2 орындарға ие болған 6 қатысушының жұмысы облыстық кезеңге қатысу үшін жіберілді. Оларға сәттілік тілейміз.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/edu-shahtinsk/press/news/details/1213739?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау