Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің өкілі және «Еркіндік рухы» жастар комиссиясының қатысушысы «Конституцияның үстемдігі: заңдылық мәдениеті және құқықтық сана» жобасы аясында өткен өңірлік офлайн-тренингке қатысты.
Жоба Қазақстан Республикасы Конституциялық Сотының «Сана Сезiм» қоғамдық бірлестігімен бірлесіп, Нидерланд Корольдігінің Елшілігінің қолдауымен жүзеге асырылуда.
«Конституцияның үстемдігі және конституциялық іс жүргізуде Amicus Curiae институтын дамыту» тақырыбындағы тренингке Конституциялық Соттың судьялары, оның Аппаратының қызметкерлері және конституциялық құқық саласындағы сарапшылар қатысты.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ombudsman-almaty/press/news/details/1213444?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау