Аққала атындағы жалпы білім беретін орта мектебінде тұрғындармен кездесу өтті.

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Аққала атындағы жалпы білім беретін орта мектебінде тұрғындармен кездесу өтті.

27.04.2026 жылы қалалық мәслихат төрағасы Ахметов Қайрат Төрегелдіұлы №12 сайлау округі бойынша өз сайлаушыларымен Аққала жалпы орта білім беретін мектебінің ғимаратында кездесу өткізді.

Кездесудің негізгі мақсаты – Сайлауалды бағдарлама  шеңберінде әзірленген Жол картасының орындалуын баяндау, тұрғындар тарапынан көтерілген өзекті мәселелер мен ұсыныс-тілектерді жан-жақты талқылап, оларды жүйелеу болып табылады.

Сайлаушылармен өткен жүздесу барысында жергілікті тұрғындар тарапынан бірқатар маңызды өзекті мәселелер көтерілді.                                  Атап айтқанда, елді мекен көшелерін жарықтандыру жағдайын жақсарту, табиғи газбен қамтамасыз ету мәселесі, ортақ пайдаланымдағы жайылымдық жерлердің көлемін ұлғайту және өзге де әлеуметтік-тұрмыстық сипаттағы түйткілдер сөз болды.                                                                             Тұрғындардың әрбір өтініші мен ұсынысы мұқият тыңдалып, қойылған сұрақтарға қолданыстағы заңнама аясында тиісті түсіндірмелер бердім.      Сонымен қатар, бірқатар мәселелер бойынша жауапты мемлекеттік органдармен бірлескен жұмыс жүргізілетіні, ал күрделі мәселелер кезең-кезеңімен, жоспарлы түрде шешілетіндігін жеткізді.                                            Мұндай кездесулер халықпен ашық әрі жүйелі диалог орнатуға, тұрғындардың мұң-мұқтажын дер кезінде анықтап, оны шешу жолдарын қарастыруға мүмкіндік береді.                                                                 Алдағы уақытта да сайлаушылармен тұрақты негізде ашық кездесу алаңдарын ұйымдастыру жұмыстары жалғасын табатын болады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/arys-maslihat/press/news/details/1214002?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version