Қазақстан СІМ-де Жапония Парламентінің депутаттарымен кездесу өтті

Жарияланды:

Автор:

категорияда

2026 жылғы 4 мамыр, Астана қ. Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары Әлібек Бақаев Жапония Парламенті Өкілдер палатасының депутаттарымен, оның ішінде Жапония Сыртқы істер министрлігінің парламенттік вице-министрі Арфия Эри және Либералды-демократиялық партиясы Халықаралық бюросының төрағасы Таро Кономен кездесу өткізді.

Келіссөздер барысында қазақ-жапон ынтымақтастығын одан әрі нығайтудың басым бағыттары, соның ішінде сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық салалардағы өзара іс-қимыл мәселелері талқыланды.

Көлік-логистика, экология салаларындағы өзара іс-қимылды дамытуға, сондай-ақ сирек жер металдары, цифрландыру және озық технологиялар бағыттарындағы бірлескен жобаларды іске асыруға ерекше назар аударылды.

Сонымен қатар тараптар халықаралық және өңірлік күн тәртібіндегі өзекті мәселелер, оның ішінде көпжақты алаңдардағы күш-жігерді үйлестіру жөнінде пікір алмасты.

Кездесу қорытындысы бойынша тараптар тұрақты диалогты қолдауға және өзара қызығушылық тудыратын кең ауқымды бағыттар бойынша ынтымақтастықты одан әрі кеңейтуге мүдделі екенін растады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa/press/news/details/1214005?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version