Түркістан облысының «Тұран» баскетбол клубы 2025-2026 жылғы маусым қорытындысы бойынша ерлер командалары арасындағы XXXIV ҚР Жоғары лига чемпионатының жеңімпазы атанды. Аталған чемпионат 7 ай бойы бірнеше кезең бойынша ұйымдастырылып, елдің үздік командалары арасында жоғары деңгейде өтті. Нәтижесінде «Тұран» командасы маусым бойы өткізген 33 ойынның барлығында жеңіске жеткен.
Команда ойын барысында жоғары кәсіби дайындық деңгейін көрсетті. Ойыншылардың үйлесімді әрекеті мен бапкерлер құрамының жүйелі жұмысы клубтың табысты өнер көрсетуіне негіз болды. Осылайша, «Тұран» баскетбол клубы өз тарихындағы маңызды жетістіктерінің біріне қол жеткізіп, Қазақстан баскетболының жоғары лигасында көшбасшы екендігін дәлелдеді.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ontustik/press/news/details/1213978?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау