Ақтауда коммуналдық сала қызметкерлері арасында спорттық сайыс ұйымдастырылды

Жарияланды:

Автор:

категорияда

16 сәуір – Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы қызметкерлері күніне орай Ақтау қаласында спорттық іс-шара ұйымдастырылды. Бағдарламада ұлттық сайыстармен қатар шағын футбол, үстел теннисі сондай-ақ эстафеталық жарыс өтті. Әрбір спорт түрі қатысушылардың ептілігі мен шеберлігін, командалық үйлесімділігін айқындады.

Додаға Ақтау қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы бөлімі, “Ақтау тұрғын-үй” МКК, “Ақтау электр желілері басқармасы” МКК және “Ақтау сервис құрылыс” ЖШС қызметкерлері қатысты. Қатысушылар жоғары белсенділік танытып, өзара тартысты бәсеке өрбітті. Мұндай шаралар ұжымдар арасындағы өзара байланыс пен тәжірибе алмасуды нығайтуға мүмкіндік береді.

– Командалардың жарысқа қатысу белсенділігі өте жоғары. Сайыс қызықты әрі тартысты өтуде. Аталған шара сала қызметкерлері арасында салауатты өмір салтын насихаттау, ұжымдық ынтымақтастықты арттыру және кәсіби мерекені мазмұнды түрде атап өту мақсатында өткізілді, – деді Ақтау қалалық мәдениет, дене шынықтыру және спорт бөлімінің әдіскері Рысты Шамшадинова.

Жарыс қорытындысы бойынша шағын футболдан 1 орынды “Ақтау электр желілері басқармасы” МКК командасы жеңіп алды. Қалған спорт сайыстарында әр мекеменің жекелеген қызметкерлері жеңіс тұғырынан көрініп, жоғары нәтижелерге қол жеткізді. Жеңімпаздар мен жүлдегерлер ұйымдастырушылар тарапынан марапатталып, алғыс хаттар мен естелік сыйлықтарға ие болды.

Ақтау қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/akimat-goroda-aktau/press/news/details/1213863?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version