ХАЛЫҚТАР ДОСТЫҒЫН НЫҒАЙТҚАН ТАҒЫЛЫМДЫ САПАР

Жарияланды:

Автор:

категорияда
 
Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы достық пен бауырластықты нығайтуды мақсат еткен «Қазақстан–Өзбекстан Президенттерінің ізімен» жобасы аясында мазмұнды сапар ұйымдастырылды. Бастама қос ел президенттері Қасым-Жомарт Тоқаев пен Шавкат Мирзиёевтің кездесуінен кейін жүзеге асып, стратегиялық ынтымақтастықты тереңдетуге бағытталған нақты қадамдардың бірі болды.
 
Аталған жоба аясында Түркістан облыстық мәслихатының депутаты Дулат Әбіш бастаған делегация және «Айғақ» телеарнасының түсірілім тобы киелі орындарды аралап, тарихи-танымдық кездесулер өткізді. Сапардың бастауы Қазығұрт өңіріндегі «Нұх пайғамбар кемесі» мемориалдық кешенінен басталып, мұнда тағылымы мол кездесу өтті.
 
Кездесуде тарих ғылымдарының докторы Ахмет Тоқтабай қазақ халқының өткені мен тарихи тұлғалары туралы ой бөлісіп, өзінің «Қазақтың достары мен қастары» атты кітабын аудан басшылығы мен ақсақалдарға тарту етті. Ғалым мұндай рухани сапарлардың тарихи сананы қалыптастырудағы және ұлттық құндылықтарды дәріптеудегі маңызын атап өтті.
 
Сапар барысында делегация Сарыағаш ауданындағы Төлеби баба ескерткішіне гүл шоқтарын қойып, тағзым етті. Бұл – өткенге құрмет, болашаққа бағдар беретін маңызды қадамдардың бірі.
 
Төлеби ауданы әкімінің баспасөз қызметі

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-tolebi-audany/press/news/details/1213862?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version