“Бір ел – бір кітап” атты таза ауада балалармен кітап оқу акциясы

Жарияланды:

Автор:

категорияда

“Бір ел – бір кітап” атты таза ауада балалармен кітап оқу акциясы
“Бір ел – бір кітап” республикалық акциясы аясында ауылдық мәдениет үйінің ұйымдастыруымен балаларға арналған кітап оқу шарасы таза ауада өткізілді.
Шараның басты мақсаты – жас ұрпақтың кітап оқуға деген қызығушылығын арттыру, рухани дүниесін байытып, ой-өрісін кеңейту. Акция барысында балалар ашық аспан астында жиналып, өздеріне ұнаған кітаптарды оқып, мазмұнымен бөлісті. Сонымен қатар, қызықты сұрақ-жауап, пікір алмасу сәттері ұйымдастырылып, қатысушылар белсенділік танытты.
Бұл игі шара балалардың бос уақытын тиімді өткізуіне, кітапқа деген сүйіспеншілігін арттыруға зор ықпал етті.
Кітап – білім бұлағы, рухани қазына.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-sarkan-karashygan/press/news/details/1213749?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version