Павлодар қаласындағы №47 жалпы орта білім беру мектебінде «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында мазмұнды әрі тәрбиелік мәні зор «Ұрпақтар сабақтастығы: Бірге еккен бір ағаш» атты экологиялық шарасы өтті.
Бұл бастамаға мектептің 37 сыныбынан 100 оқушы, 40 ата-ана және 70 педагог белсене қатысып, ортақ игі іске өз үлестерін қосты. Шара барысында білім ордасының аумағына 50 түп қарағай көшеті отырғызылды.
Бұл игі акцияның негізгі мақсаты – жас ұрпақты табиғатты аялауға баулу, экологиялық мәдениетті қалыптастыру және қоршаған ортаға деген жауапкершілікті арттыру. Сонымен қатар, отбасылық құндылықтарды нығайтып, ата-ана мен бала арасындағы рухани байланысты күшейтуге ерекше мән берілді.
Шараға белсенді қатысқан ата-аналар мен педагогтер оқушыларға табиғатты қорғаудың маңызын түсіндіріп, бірлескен еңбектің тәрбиелік әсерін айқын көрсетті. Мұндай бастамалар өскелең ұрпақтың туған жерге деген сүйіспеншілігін арттырып қана қоймай, қаланың көгалдандырылуына да елеулі үлес қосады.
Отырғызылған жас қарағай көшеттері – тек жасыл желек қана емес, сонымен қатар ұрпақтар сабақтастығының, бірлік пен ортақ жауапкершіліктің жарқын символына айналмақ.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/pavlodar-edu/press/news/details/1213920?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау