Аталған шара қала тұрғындары мен білім беру ұйымдары тарапынан кең қолдау тауып, көпшілікті ортақ мақсатқа жұмылдыруға мүмкіндік берді. Челлендждің бастамашысы ретінде Ақтау қаласының №18 жалпы білім беретін мектебі танылып, өзге білім беру ұйымдарын да табиғатты аялауға және қоршаған ортаны қорғауға белсенді қатысуға шақырды.
Іс-шараға 400-ге жуық ата-ана мен 100-ден астам оқушы қатысып, бірлескен еңбектің нәтижесінде 230 түп жеміс ағашы мен қара тал көшеттері отырғызылды. Бұл бастама қаланың экологиялық ахуалын жақсартуға, жасыл желектер қорын көбейтуге және қолайлы қоршаған орта қалыптастыруға бағытталды.
Аталған шара өскелең ұрпақтың табиғатқа деген жанашырлығын арттырып қана қоймай, оларды еңбекқорлыққа, жауапкершілікке және туған жерге деген сүйіспеншілікке тәрбиелеуде маңызды рөл атқарады. Сонымен қатар, мұндай игі бастамалар қоғамда экологиялық мәдениетті қалыптастырып, тұрақты даму қағидаттарын ілгерілетуге ықпал етеді.
Жалпы алғанда, “Таза Қазақстан” акциясы шеңберінде өткізілген бұл іс-шара Ақтау қаласының көркеюіне, экологиялық жағдайын жақсартуға және тұрғындар үшін қолайлы өмір сүру ортасын қалыптастыруға бағытталған маңызды қадамдардың бірі болып табылады.
Ақтау қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/akimat-goroda-aktau/press/news/details/1213922?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау