Ақтау мектептері экологиялық бастаманы қолдап, тал егу челленджін бастады

Жарияланды:

Автор:

категорияда
1 мамыр күні “Таза Қазақстан” республикалық экологиялық акциясы аясында Ақтау қаласының білім беру ұйымдары “Тал егу” акциясын ұйымдастырып, игі бастама кең ауқымды челленджге ұласты.

Аталған шара қала тұрғындары мен білім беру ұйымдары тарапынан кең қолдау тауып, көпшілікті ортақ мақсатқа жұмылдыруға мүмкіндік берді. Челлендждің бастамашысы ретінде Ақтау қаласының №18 жалпы білім беретін мектебі танылып, өзге білім беру ұйымдарын да табиғатты аялауға және қоршаған ортаны қорғауға белсенді қатысуға шақырды.

Іс-шараға 400-ге жуық ата-ана мен 100-ден астам оқушы қатысып, бірлескен еңбектің нәтижесінде 230 түп жеміс ағашы мен қара тал көшеттері отырғызылды. Бұл бастама қаланың экологиялық ахуалын жақсартуға, жасыл желектер қорын көбейтуге және қолайлы қоршаған орта қалыптастыруға бағытталды.

Аталған шара өскелең ұрпақтың табиғатқа деген жанашырлығын арттырып қана қоймай, оларды еңбекқорлыққа, жауапкершілікке және туған жерге деген сүйіспеншілікке тәрбиелеуде маңызды рөл атқарады. Сонымен қатар, мұндай игі бастамалар қоғамда экологиялық мәдениетті қалыптастырып, тұрақты даму қағидаттарын ілгерілетуге ықпал етеді.

Жалпы алғанда, “Таза Қазақстан” акциясы шеңберінде өткізілген бұл іс-шара Ақтау қаласының көркеюіне, экологиялық жағдайын жақсартуға және тұрғындар үшін қолайлы өмір сүру ортасын қалыптастыруға бағытталған маңызды қадамдардың бірі болып табылады.

Ақтау қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/akimat-goroda-aktau/press/news/details/1213922?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді