Күләш Ахметова – 80 жыл: «Поэзия жауһары» жыр сандық кеші өтті

Жарияланды:

Автор:

категорияда

28 сәуір күні Ш.Уәлиханов атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында қазақ поэзиясының ақ гүлі, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, «Парасат» және «Құрмет» ордендерінің иегері, Жамбыл облысының құрметті азаматы, ақын Күләш Ділдәқызы Ахметованың 80 жылдық мерейтойына арналған «Поэзия жауһары» атты жыр сандық кеші өтті.

Тағылымды кештің негізгі мақсаты – ақынның бай поэзиялық мұрасын кеңінен насихаттау, оның шығармалары арқылы рухани-адамгершілік құндылықтарды дәріптеу, поэзияға деген сүйіспеншілікті арттыру және ұлттық әдебиетті ұлықтау арқылы жас ұрпақты көркем сөз өнерін қадірлеуге, отансүйгіштікке тәрбиелеу.

Жыр кешіне Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту басқармасы басшысының орынбасары Гүлдана Серікбаева, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері, ақын Шырын Мамасерікова, М.Х.Дулати атындағы Тараз университетінің филология ғылымдарының докторы, профессор, әдебиеттанушы Сәмен Құлбарақ, «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, жазушы, журналист Көсемәлі Сәттібайұлы, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, жазушы, журналист Ахмет Баймаханбет, ҚР Мәдениет саласының үздігі, «Еңбек ардагері», айтыскер ақын Ербол Қамбатыров және Қазақстан Жазушылар одағы мен ҚР Журналистер одағының мүшесі, ҚР Мәдениет саласының үздігі, ақын-сазгер Үміт Битенова қатысты.

Зиялы қауым өкілдері ақынның шығармашылық жолына тоқталып, естеліктерімен бөлісті. Олар Күләш Ахметованың поэзиясындағы нәзіктік пен тереңдікке, көркемдік ерекшелікке айрықша мән беріп, оның қазақ әдебиетіндегі биік орнын ерекше атап өтті.

Кеш барысында ақын шығармашылығына арналған музыкалық экспозиция ұсынылып, жүрекке жылы тиер жырлары көркем мәнерде оқылды. Сонымен қатар, ақын сөзіне жазылған әндер шырқалып, кеш мазмұнын байыта түсті. К.Әзірбаев атындағы облыстық филармониясының әртістері Ернұр Абухас, Нұргүл Мусали және Орынбасар Бақытұлы өнер көрсетіп, көрерменге ерекше әсер сыйлады.

Мазмұны терең, рухани мәні зор әдеби кеш қатысушылардың жүрегінде жылы әсер қалдырды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhambyl-cultura-arhiv/press/news/details/1213420?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version