Қаланың қауіпсіздігі – тұрақты бақылауда

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Қала өз тыныс-тіршілігімен өмір сүріп жатқан сәтте, заң мен тәртіптің сақталуын тәулік бойы Жедел басқару орталығы бақылап отырады.

Бейнебақылау камералары, онлайн-мониторинг және ақпаратты жедел түрде нарядтарға жеткізу – мұның бәрі құқық бұзушылықтарды дер кезінде анықтап, олардың жолын кесуге мүмкіндік беретін бірыңғай жүйе.

Мұнда демалыс та, үзіліс те жоқ. Операторлар нақты уақыт режимінде жағдайды бақылап, ең кіші өзгерістердің өзін тіркеп, әрбір сигналға жедел әрекет етеді.

Заманауи технологиялар полицияға алдын алу бағытында жұмыс істеуге мүмкіндік береді – тек қылмысты ашып қана қоймай, оның алдын алуға жол ашады.

Қала тұрғындары күнделікті тіршілігімен айналысып жүргенде, бір сәтке де назарын бәсеңдетпейтін жандар бар – олар қалада заң, тәртіп және қауіпсіздіктің сақталуын қамтамасыз етеді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-zhetysu/press/news/details/1213418?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version