Мойынқұмда су ресурстарын тиімді пайдалану – басты басымдық

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Мойынқұм ауданында су ресурстарын үнемдеу және тиімді пайдалану мәселесі стратегиялық маңызға ие. Қуаң климаттық жағдайды ескере отырып, әрбір су тамшысын орынды пайдалану – ауыл шаруашылығының тұрақты дамуының негізгі кепілі.

Осы бағытта аудан шаруашылықтары арасында заманауи технологияларды енгізу жұмыстары жүйелі түрде жүргізілуде. Соның жарқын мысалы – Айдарлы ауылдық округіндегі «Kaisar Group» ауыл шаруашылығы кооперативі. Аталған кооператив егістік алқаптарын суаруда жаңа «пушка» әдісін қолдану арқылы суды үнемдеудің тиімді үлгісін көрсетіп отыр.

Бұл технологияның басты артықшылықтарының бірі – суару процесінің біркелкілігі. Яғни су егістік алқаптың барлық бөлігіне теңдей таралып, бұрынғыдай кейбір жерлердің су тапшылығына ұшырау мәселесі жойылады. Сонымен қатар, су шығыны айтарлықтай азайып, өнім сапасы мен көлемі тұрақты деңгейде сақталады. Бұл өз кезегінде шаруашылықтың экономикалық тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді.

Аудан әкімі Ермек Карентаев жұмыс сапары барысында аталған кооперативтің егістік алқаптарына арнайы барып, енгізілген технологияның тиімділігімен танысты. Зерделеу барысында бұл әдістің тек бір шаруашылық шеңберінде ғана емес, бүкіл аудан көлемінде қолдануға болатын тиімді тәжірибе екені атап өтілді.

Кездесу барысында аудан басшысы су үнемдеу мәселесі уақытша тренд емес, ұзақ мерзімді қажеттілік екенін ерекше атап өтті. Осыған байланысты ол аудан шаруаларына озық технологияларды кеңінен енгізу қажеттігін жеткізіп, нақты бағыт-бағдар берді.

Бүгінде климаттың өзгеруі мен су ресурстарының шектеулілігі ауыл шаруашылығы саласына жаңа талаптар қоюда. Мұндай жағдайда дәстүрлі әдістермен шектелу тиімсіз екені анық. Сондықтан заманауи суару технологияларын енгізу – уақыт талабы.

Жалпы, Мойынқұм ауданында еңбекқор шаруалар бар. Ендігі міндет – сол еңбекті инновациялық тәсілдермен ұштастырып, өнімділікті арттыру. Бұл бағыттағы жұмыстар алдағы уақытта да жалғасын тауып, ауданның аграрлық әлеуетін нығайтуға оң ықпал ететін болады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhambyl-moyynkum/press/news/details/1213414?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version